«2026 - 2028 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 367 шешімі (2026.26.01. берілген өзгерістермен)

2026 - 2028 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 367 шешімі

(2026.26.01. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2026.26.01. № 388 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. 2026 - 2028 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 208 293 799 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 179 711 402 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 690 700 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 14 330 204 мың теңге;

трансферттер түсімі - 13 561 493 мың теңге;

2) шығындар - 201 434 667,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - - 671 892 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 671 892 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 138 524,5 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 138 524,5 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицитi) - 7 392 499,4 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) - - 7 392 499,4 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсiмi - 0 теңге;

қарыздарды өтеу - 13 320 396 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 5 927 896,6 мың теңге.

2. Ақтөбе облыстық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімімен салықтар түсімдерінің жалпы сомасы Ақтөбе қаласына мынадай мөлшерде бөлінуі белгіленгені ескерілсін:

1) төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша түсімдер Ақтөбе қаласының бюджетіне толығымен есептеледі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.